Алматы облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жеті жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Көліктер арнайы тұраққа қойылған.
"21 қыркүйекте egov.press арнасында жеті көлік жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып келе жатқан видео жарияланды. Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жүргізушілерге ӘҚБтК-нің 17 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.
Полицияның мәліметінше, 17 қыркүйекте сағат 15:30 шамасында жеті жүргізуші Алматы қаласы Қалқаман шағынауданындағы үйден шығып, Алматы - Бішкек жолымен қозғалған. Кейін БАКАД-қа шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзған.
Маневр жасау, көліктің жүріс бөлігінде орналасуы, қиылыстардан өту, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзу, жол апаты жағдайын туғызу секілді деректер тіркелген.
Барлық құқықбұзушылық бойынша заңнамада көзделген шаралар қабылданған.