Алматы халықаралық әуежайының терминалын су басуына байланысты шаралар қабылданды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Көлік министрлігі басшылығы Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, терминал шатырын су басуына байланысты шұғыл кеңес өткізді.
Азаматтық авиация комитеті әуежайды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Әуежай басшысы техникалық мәселелерге жетекшілік ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.
Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады. Қазір анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтіліп, барлық қажет жұмыс жедел режимде жүргізіліп жатыр.
Жұмыстарды аяқтау және су басу себептерін толық жою 6 ай ішінде жоспарланып отыр.