Алматыда төрт жүкті әйел және алты бала коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Dalanews 16 сәу. 2020 09:45 741

Жаңадан тіркелген жағдай - 23, оның ішінде біреуі - балалар жұқпалы аурулары ауруханасының медицина қызметкері, 22 - науқаспен байланыстағы адамдар.

16 сәуірдегі жағдай бойынша Алматыда коронавирус жұқтырудың 393 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның ішінде алтауы - бала және 4 жүкті әйел бар.


Жаңадан тіркелген жағдай - 23, оның ішінде біреуі - балалар жұқпалы аурулары ауруханасының медицина қызметкері, 22 - науқаспен байланыстағы адамдар. Covid-19 вирусынан сауыққан тағы үш науқас кеше ауруханадан шығарылды. Олардың барлығы бұрын анықталған науқастармен байланыста болғандар, олардың арасында 2009 жылғы бала да бар, - деді Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасындағылар.

Бүгінгі күні жалпы қалада жаңа ауру түрінен емделгендердің саны - 61 адам.

Қазіргі уақытта 330 науқас жұқпалы аурулар станционарларында КВИ-ден емделуде. Оның ішінде Алматы облысынан бір әйел де бар.

Уақытша құрылған ауруханаларда 368 азамат, оның ішінде 7 бала бар, 426 адам карантиндік ауруханада жатыр, 7288 адамға үйінде оқшаулануға бұйрық берілген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар