Алматыда QazNews24 атты сатиралық пабликтің авторы Темірлан Еңсебек ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желідегі жазба арқылы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін парақша админіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен пабликтердің бірінің авторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру") бойынша күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.