Алматыда талантты жастарға арналған "Jas Gala - 2025" фестивалі басталды

Ақтоты Жапатова 06 нау. 2025 17:43 227

Алматы қаласында қалалық студенттік көктем «Jas Gala - 2025» шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі шараға Алматы қаласының ЖОО және колледж студенттері қатысты,- деп хабарлайды Dalanews.kz
 
Төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған айтулы шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен жүзеге жүзеге асырылуда.
 
Байқаудың мақсаты – шығармашыл, дарынды және талантты жастарды анықтау және олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамын қалыптастыру.
 
Фестивальге қаламыздың 30 ЖОО және 26 колледжінен 650 өтінім келіп түсті. Жалпы қатысушылар саны 2500-нан астам  студентті құрады.
 
Биылғы «JAS GALA» студенттік көктем шығармашылық байқауы келесі атаулы даталарға арналады: Жұмысшылар жастар жылы, Ұлы Жеңістың 80 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы, Н.Тілендиевтың 100 жылдығы, Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығы.
 
Бір айға созылатын фестиваль барысында қатысушылар вокал, хореография, мобилография, аспапық орындау, театр бағыттары бойынша бақтарын сынайды. Фестиваль аясында қатысушыларға өнер майталмандарының қатысуымен мастер-класстар мен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылады. Фестивальдің жүлде қоры – 7 500 000 теңгені құрайды. 
 
Шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасарының уақытша міндетін атқарушы, Бекқайыров Нұрсұлтан Болатұлы ашып, қатысушыларға өзінің ізгі тілегін білдірді.
«Құрметті достар Алматы қаласы жастар саясаты  басқармасы жастардың жан жақты дамуына түрлі, жүйелі жобаларды ұйымдастыруға әрқашан дайын. Құрметті достар сіздерге осы жобада, осы сайыста тек үлкен жеңістер тілейміз. Біз Алматы Студенттер Альянсына өз басқарма атымыздан, және өз атымнан үлкен алғыс білдіргім келеді. Келесі жылы жобаның жүлде қорын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі ашылу салтанаты баршаңызға   құтты болсын, нағыз көркем өнерпаздар жеңіске жетсін!», - деді Нұрсұлтан Болатұлы.
«Алматы студенттер Альянсы» КҚ төрағасы Жасұлан Бостандықұлы келген қатысушыларға өз алғысын білдірді.
«Жастардың бұл жобаға деген қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Барша қатысып жатырған және бізге қолдау білдірген ЖОО мен колледж башылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Бұйырса алдағы 1 ай көлемінде ЖОО және колледждер базасында  іріктеу кезеңі, қалалық деңгейде жартылай финал және финалдық кезеңді өткіземіз. Тек қана жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жеңіске жетсін! Барша қатысушыларға сәттілік!», - деді Жасұлан Бостандықұлы.
Бүгінде Алматы қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 695 мыңнан астам жас тұрады (тұрғындардың жалпы санының 32%). Оның ішінде 35 ЖОО және 88 колледжде  286 мыңнан астам студент білім алуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар