Алматыда Қытайдағы қазақ ақындарының жыр кеші өтеді

Dalanews 31 мам. 2016 04:31 1173

3 маусым күні сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде (Абылай хан даңғылы, 105 үй) Қазақстан Жазушылар одағы мен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры бірлесіп шығарған «Сексеуілдің шоғы» («Мерей» баспасы) атты ҚХР-дағы қазақ  ақындарының ұжымдық жыр жинағының тұсаукесері өтеді. Кешке Қытайдан келген ақындар мен өнер жұлдыздары қатысады.

image (32)«Сексеуілдің шоғы» – Қытайдағы қазақ ақындарының ең таңдаулы өлеңдері топтастырылған альманах. Сіз бұл кітаптан жаңа замандық қазақ поэзиясының биік өресін, эпикалық тынысын, сөз мәйегін табасыз.

Айта кетелік, ұжымдық жинаққа Қытайдағы қазақтарға ғана емес, жалпы Қытай еліне танымал ақын Балапан Рабатов бастаған топ келеді. Сондай-ақ, Азия Мағыпер, Тәпей Қайысхан, Думан Пәзілжан, Мұрат Әуес, Шалқар Қаныкей, Айша Қабылқожа, Мұрат Зұлкапіл бастаған танымал ақындар қатысып, жырдан шашу шашады. Сонымен қатар бұл кешке белгілі әншілер мен күйшілер қатысып, концерттік бағдарлама ұсынады.

Жыр тойына асығыңыздар.

Келем деушілерге есік ашық.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар