Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан науқастар әлеуметтік көмек ала алмай келген

Қаракөз Амантай 24 ақп. 2025 11:08 773

Алматыда онкологиялық дертке шалдыққан азаматтардың әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылғаны анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокуратураның мәліметінше, медициналық ұйымдар онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтарды тиісті мекемелерге жібермеген.Салдарынан науқастар мүгедектік рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақыны алу мүмкіндігінен айырылған. 

"Онкологиямен ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.

Қадағалау актісі негізінде тоғыз емхана басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сегіз науқасқа I топтағы мүгедектік берілді", – делінген хабарламада.

Құзырлы органдар бұл заңсыз тәжірибені тоқтатып, тиісті шаралар қабылдаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар