Алматыда қаланы жарықтандыру ісі оң шешімін тауып келеді

Dalanews 21 жел. 2023 08:46 1095

Алматыда 2025 жылға қарай сыртқы жарықтандыру мәселесі толығымен шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тамыз айында Алмалы ауданы әкімдігінің сыртқы жарық бойынша қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобасы іске қосылды және оң нәтиже көрсетті.

Қысқа мерзімде өтінімдерді қарау уақытын 4 есеге (20 тәуліктен 5 тәулікке дейін) қысқартуға мүмкіндік туды. 4 830 шам ауыстырылды, 49,3 км сыртқы жарықтандыру желілері қалпына келтірілді.

Нәтижесінде Алмалы ауданында жанбайтын жарық нүктелерінің үлесі 47% - дан 25%-ға дейін төмендеді. Алмалы ауданының оң тәжірибесін ескере отырып, қараша айында қалған 7 аудан «Алматы Қала Жарық» МКК-мен шарт жасасты. Сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету аудандарға берілді. Бұл сонымен қатар қала тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге ықпал етті.


Сапалы сыртқы жарықтандыру үлесі 2024 жылы 85%-ға және 2025 жылы 100%-ға дейін жеткізілетін болады.

Анықтама: қазіргі уақытта міндеттемелерді жосықсыз орындау себебінен 2018 жылы жасалған шарт бойынша МЖӘ аясында жеке әріптеспен сот талқылаулары жүруде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар