Алматыда нөсер жауын кезінде ер адам арыққа құлап қаза тапты

Сағыныш Сардарова 20 сәу. 2026 15:39

Алматыда ер адам арыққа құлап, көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға кезінде ол мас күйде болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде арықтан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған еді. Желідегі дерекке қарағанда, оны су ағысы құбырға тартып кеткен. Оқиға орнына келген коммуналдық қызмет өкілдері бітелген жерді тазалау кезінде қоқыс емес, адамның мәйітін тапқан.

Полицияның мәліметінше, ер адам жаңбыр кезінде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлаған болуы мүмкін. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 16-17 сәуір күндері Алматыда нөсер жауынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove