Алматыда лай көшкінінде зардап шеккен отбасы қауіп барын бұрыннан айтып жүрген

Алматыда лай көшкінінде зардап шеккен отбасы қауіп барын бұрыннан айтып жүрген
Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда түнде лай көшкіні жүріп, тұрғын үйлерге зақым келді. Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің сөзінше, үйлердің бірінде 4 адам болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Зардап шеккен отбасы...

Алматыда түнде лай көшкіні жүріп, тұрғын үйлерге зақым келді. Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің сөзінше, үйлердің бірінде 4 адам болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Зардап шеккен отбасының досы Orda.kz тілшілеріне үйде, расында да, 4 адам барын растаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, бұл отбасы бұрыннан тау бөктеріндегі құрылыс туралы билікке жүгініп жүрген.

"Олар бұл жерде қауіпті екенін айтып жүрді. Кеңестік кезде салынған үй", - дейді ол.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 8 ақпанда сағат 02-20-да "Тау Самалы" Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрген.

Оқиға орнында "Қазсселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 техника жұмыс істеп жатыр.