Баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдемде қазір 3 607 адам жұмыс істейді. Диспетчерлер саны – 98.
"COVID-19-ға қатысты жағдай бойынша, диспетчерлік бөлімде 1 маусымдағы жағдайға сәйкес – 17 диспетчерден коронавирус расталды. Жұқпалы аурулар стационарларында сегіз адам жатыр, провизорлық стационарларда тоғыз адам жатыр", – делінеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметі берген хабарламада.
Жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы Гүлнар Қатыбаеваның дерегінше, қатынаста болғандар ретінде 15 адам анықталды, олардың арасында қызметкерлердің туыстары да бар. Барлығы оқшауланды.