Алматыда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері гашиш пен мефедрон сақтаған екі әйелді ұстады. Күдіктілердің бірі бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен болып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Құқық қорғау органдары тінту барысында олардың жанынан үш жарым килограмм есірткі тәркілеген. Сонымен қатар, ұсталғандардың бірінен қызметтік куәлік табылған.
“Жалдамалы пәтерге тінту жүргізіліп, есірткі заттары тәркіленді. Олардың нақты қайдан алынғанын және кімге тиесілі екенін сот-химиялық сараптама анықтайды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір өзге де мән-жайлар анықталуда”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаменті.
Orda.kz редакцияның қолына тінту кезінде түсірілген кадрлар түсті. Фотодағы қызметтік куәлікке қарағанда, ұсталғандардың бірі Қарағанды полициясында тергеуші болып жұмыс істеген.
Алайда Қарағанды облыстық Полиция департаменті бұл деректі жоққа шығарды.
“Ұсталған (Елена) 2024 жылдың 29 тамызында өз еркімен жұмыстан босатылған”, – деп хабарлады ведомство Orda.kz редакциясына.