Алматыда “Алма-Арасан” радон көзін реконструкциялау жоспарлануда

Қаракөз Амантай 04 жел. 2024 09:55 144

Алматыда 2025 жылы Үлкен Алматы шатқалының ең көрнекті нысандарының бірі - "Алма-Арасан" радон көзін реконструкциялау жоспарлануда, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында 2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын қараужоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бірегей емдік қасиеттерімен танымал  орын туристер мен қала тұрғындарын, қазақстандықтарды ғана емес, шетелдіктерді де өзіне тартады. Қазіргі инфрақұрылымның жағдайына, қолайсыздықтар мен тәуекелдерге байланысты қала тұрғындары мен туристердің көптеген шағымдарына жауап ретінде кешенді жаңарту туралы шешім қабылданды.  

Радон көзін соңғы жөндеу 2019 жылы жүргізілді, соданбері оның инфрақұрылымы жайлылық пен қауіпсіздіктің заманауи стандарттарына сәйкес келу үшін реконстуркцияны қажет етеді.

Абаттандыру жобасы инфрақұрылым объектілерін толық реконструкциялауды көздейді. Негізгі іс-шаралардың қатарында қауіпсіз сырғанауға қарсы жабындары бар жаңа көпірлер орнату, жол желісін және жаяу жүргіншілер аймақтарын жаңарту бар. Ең қауіпті учаскелерде қоршаулары бар баспалдақтар орнатылады, сондай-ақ зақымдалған элементтерді күшейту және ауыстыру жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық учаскенің палубасы болат тордан жасалады, бұл жаздада, қыста да қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар жоба туристерге рельефті бағдарлауғакөмектесетін, сондай-ақ радон көзінің емдікқасиеттерімен таныстыратын жаңа көрсеткіштер мен ақпараттық стендтерді орнатуды қамтиды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар