Алматыда 6 балдық жер сілкінісі болатыны рас па?

Көркем Алдабергенова 05 қар. 2024 16:08 2239

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Алматы мен Алматы облысында 6 қарашада жер сілкінісі болады деген хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Мұндай хабарлама ата-аналардың чатында тарап кеткен. 

ТЖМ бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, алдағы уақыттары Алматы мен Алматы облысында 6 балл жер сілкінісі болады деген болжам жоқ.  

ТЖМ тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады. 

Алматы облысының Білім басқармасындағылар да бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, балалар 6 қарашадан бастап офлайн оқиды. 

Еске салайық, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. 

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақыты бойынша 10.00 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді. 

"Жер сілкінісінің координаттары:  43.261 с.е. 77.310 ш.б. Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км. жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Есептік қарқындылығы:

  • Алматы қаласы 3 б. 
  • Талғар 4 б. 
  • Есік 4 б.
  • Түрген 3.0 б. 
  • Өтеген-Батыр 3 б. 
  • Боралдай 2 б. с.
  • Маловодное  2б. 
  • Ж. Қайыпов 2 б. 
  • Алатау (Жетіген) 2 б.
  • Қарасай (Қаскелең) 2 б.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз; 
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз; 
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10.  Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар