Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және барлық салаларды цифрландырудың жедел қарқын алуы жағдайында ақпараттық жүйелер саласындағы білім беру - қоғамның табысты қызмет етуінің маңызды факторларының біріне айналды. Алматы технологиялық университеті (АТУ) қазіргі заманғы талаптарға сәйкес, сұранысы жоғары әрі перспективалы мамандықтардың бірі — «Ақпараттық жүйелер» бойынша білім алу мүмкіндігін ұсынады.
Неліктен АТУ-дың «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасын таңдау қажет?
Алматы технологиялық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы — ақпараттық жүйелерді жобалау, енгізу және пайдалану саласында күрделі мәселелерді шешуге дайын мамандарды даярлауға бағытталған оқу бөлімі. Кафедраның білім беру бағдарламасы студенттерге ақпараттық жүйелермен жұмыс жасаудың теориялық аспектілерін ғана емес, сондай-ақ осы саланың нақты жағдайда қолданылатын тәжірибелік дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.
Кафедра ақпараттық жүйелермен байланысты барлық негізгі салаларды қамтитын кең ауқымды пәндер жиынтығын ұсынады. Студенттер бағдарламалау негіздерін, дерекқорларды жобалауды, компьютерлік желілерді құру мен басқаруды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллект және деректерді талдау сияқты маңызды тақырыптарды оқиды.
Сонымен қатар кафедра заманауи оқыту әдістерін белсенді түрде қолданады, оның ішінде студенттерге нақты мәселелер бойынша жұмыс істеп, өз жобаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін жобалық оқыту әдісі бар. Мұндай тәсіл студенттерге теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, сонымен қатар шынайы бизнесте жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастыруға көмектеседі.
Инновациялар мен практика: кафедраның басты принциптері
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының басты артықшылықтарының бірі — өнеркәсіппен және қазіргі заманғы технологиялық үрдістермен тығыз байланыс орнату. Студенттер жетекші ІТ-компанияларымен ынтымақтастықта болып, тәжірибеден өтеді, бұл олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге ғана емес, оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға дайын болуына да мүмкіндік береді.
Кафедра оқыту үдерісіне заманауи ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізуде. Студенттер жаңартылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізіп, заманауи зертханаларда бағдарламалық шешімдерді әзірлеумен айналысады. Студенттер әзірлеген жұмыстар тек олардың дипломдық жұмыстарында ғана емес, сондай-ақ нақты жобаларда да қолданылады.
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасында оқудың артықшылықтары:
- Жоғары білікті оқытушылар. Кафедраның оқытушылар құрамы — тәжірибелі мамандардан тұрады, олар ІТ-саласындағы жоғары деңгейдегі білім мен тәжірибеге ие.
- Заманауи оқу базасы. Кафедра студенттерге өз білімдері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін жаңа зертханалармен жабдықталған: «Huawei ICT Academy», «Apple Lab», «Cisco Networking Academy», «VR/AR Lab» және «SmartTech». Бұл студенттердің тәжірибелік білім деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етеді.
- Кәсіби перспективалар. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының түлектері ІТ-компанияларда және ақпараттық технологиялар саласында мамандар қажет ететін басқа да ұйымдарда жұмысқа орналасудың үлкен мүмкіндіктерге ие болады.
Кафедраның болашағы және студенттерді даярлау
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы үнемі даму үстінде, білім беру мен технологиялар саласындағы соңғы үрдістерге сәйкес келеді. Үнемі жаңартылып отыратын бағдарламалар, жаңа зертханалар — бұл болашақта жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді, олар заманауи ақпараттық технологияларды қолданып, ІТ-саласын дамытады.
«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы — бұл диплом алу ғана емес, цифрлық болашақтың бір бөлігі болу, инновациялық шешімдер жасау және технологиялық революция ортасында болу мүмкіндігі. Кафедра түлектері — ІТ-саладағы сұранысқа ие мамандар, олардың білімдері мен дағдылары елімізде және шетелде де кеңінен қолданылатын болады.
Қорыта айтқанда, Алматы технологиялық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы — бұл тек білім алу орны ғана емес, сонымен қатар ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ көшбасшыларды даярлайтын орталық. Мықты академиялық база, тәжірибелік даярлық, ІТ-компаниялармен ынтымақтастық және заманауи оқыту әдістері осы кафедраны жоғары технологиялар әлемінде табысты мансап құруды қалайтын жастар үшін тамаша таңдау етеді.
Авторлар: «Ақпараттық жүйелер» кафедра меңгерушісі PhD К.О. Тогжанова, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауым.профессоры PhD,Г.Б. Кашаганова.