Отауын бөлек сайлаған аймаққа табан тіреген министр Еңбекшіқазақ ауданындағы бірнеше агрокешендерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Ербол Шырақпайұлы аялдаған алғашқы нысан Космос ауылында орналасқан, әйгілі «Адал сүт» АӨК. 2000 жылы өз жұмысын бастаған агроөнеркәсіптік компанияда 56 түрлі өнім өндіріліп, аймақтағы 6 бірдей сауда нүктесінің сөресіне шығарылады. 2022 жылы мұнда 27,700 мың тонна сүт өнімдері өндірілген. «Адал» фермасының басшысы Серік Жолдаспекұлының айтуынша, қазіргі кезде сүтті сиырлардың басын көбейтуге басымдық берілуде.
«Сүтті сиырды 2000 басқа көбейту жоспарланып отыр. Нәтижесінде өнідірілетін сүттің көлемі 70 мың тоннаға дейін жететін болады. Болашақта сиырларды саууға арналған бөлек орын салуды көздеп отырмыз. Жалпы жоба құны 3,5 млрд. теңгені құрайды», - деді «Адал» АӨК басшысы.
Сондай-ақ, кешен басшысы өңірдегі қордалаған мәселенің бірі фермаға мамандарды тартумен тығыз байланысты екенін жеткізді. Оның сөзіне сүйенсек, жаңадан білікті мамандарды қызметке орналастыру және тұрғын үймен қамту ісі кенжелеп тұр.
Серік Смаиловтың пікіріне құлақ асқан министр бұл мәселені өз назарына алатынына сендірді. Сапар барысында Ербол Қарашөкеев бас сұққан екінші жер «АгроБалтабай» мал бордақылау алаңы болды.
2021 жылы құрылған серіктестік етті ірі қара малды өсірумен айналысады. Бүгінгі күні мұнда фермерлер 1500 бас сиырды ұстап отыр.
«Бордақыға ұсталған малдардың жем-шөбі өз есебімізден алынады. Олардан құнарлы өнім алу үшін ішіп-жемі сапалы болуы тиіс. Сол үшінде келер жылы 400 гектар алқапқа жүгері өсіреміз деген ойда отырмыз», -деді «АгроБалтабай» ЖШС директоры Ислам Хуршудов.
Сондай-ақ, серіктестік басшысы таяу болашақта егістікті тамшылатып суару үшін арнайы құрылғы алуға жоба әзірлегенін алға тартты. Айтуларынша, 800 млн. теңге қаражат қажет екен.
«Егістіктің көлемін арттырып қана қоймай, фермадағы мал санын көбейтуде жоспарда бар. Алдағы уақытта жеңілдікпен несие алсақ, 1500 бас сиыр сатып аламыз. Аграрлық несие алып, қолдау тапсақ кәсіпті кеңейтеміз»,-деді Ислам Хуршудов.
Серіктестіктің әлеуетін бағамдаған министр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация негізінде қолдау көрсетілетінін айтып, қалған жұмысты соңына дейін жеткізуді жергілікті атқарушы билікке тапсырды.
Айта кетейік, «АгроБалтабай»-да ірі қараның еті мен сүті өндіріске жіберіліп, тіпті терісіде кәдеге асып жатыр. Мұндағы малдың терісі көлеміне қарай 1,5-3 мың теңге аралығында саудаға салынады. Арнайы келіп алатын, тұрақты тұтынушылары да жоқ емес.
Келесі кезекте ауыл шаруашылығы министрі «Unifruit» компаниясына бет бұрды. Аталмыш кәсіпорын 2016 жылдан бастап Алматы облысында 100 га алқапта қарқынды бау-бақша өсірумен айналысады. Негізгі өнім –алма.
Компанияның жылдық өнімділігі 4200 тоннаны құрайды.
«Біз өсіретін алманың 80 пайызы ішкі нарыққа шығарылады. Кәсіпорында барлығы 70 адам еңбек етеді. Қызмет түрі мезгіл таңдамайды, жыл он екі ай жұмыс жасаймыз. Біздің өнімдерді жергілікті Magnum , Skif сынды үлкен сауда желілері алады», -дейді «Unifruit» ЖШС директоры Ерік Мұсақұлов.
2023-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, бау-бақша көлемін ұлғайту көзделген. Сәйкесінше, алынатын өнім көлемі артып,көшеттерді отырғызатын аумаққа қосымша 2 мың га жерді қосу жоспарланған. Бір сөзбен айтқанда келер 5 жылдың ішінде мұндағы отырғызылатын көшеттер саны 15 млн-ға дейін жеткізілетін болады.
Алма алқабын жандандырып отырған серіктестіктің жұмысын көрген министр мырза, келесі кезекте "LST Агро" ЖШС-не барды.
Серіктестік жылыжай шаруашылығымен айналысады. 2020 жылдың желтоқсан айында қажетті құралдарды жеткізіп, 2021 жылдың қыркүйек айында толықтай іске кіріскен.Алғашқы көшеттерді отырғызып, ең бірінші рет өнімді 2022 жылдың 1 ақпанында алған . Өйткені, жемістің пісу уақыты 90 күнді құрайды.
Жылыжай голандтық үлгіде жасалған. Барлық қабырғалары шыны әйнектен тұрғызылған. Кешеннің биікітгі 6,30 метрді құрайды. Мұнда 4,5 мың жарық шамдары орнатылған. Бұл өз кезегінде өнімнің қалыпты жағдайда өсуіне мүмкіндік береді. Әсіресе, қысқы мезгілде күн сәулесінің түсу ұзақтығы қысқарады. Сол кезде аталмыш шамдар көмекке келеді екен.
Жылыжайда , қвзанақты бірнеше сорты мен қияр және баялды өсіріледі. Өнімнің 95 пайызы экспортқа жөнелтіледі. Жылыжайдың алып жатқан аумағы 7 гектарды құрайды. Әр гектардан 80 тонна өнім алынады. Ал айына 560 мың тонна көкөніс экспортқа шығады.
Кешенді аралап шыққан минстр көкөністердің әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына кіретінін айтып, мемлекет тарапынан үлкен көңіл аударылып жатқанын жеткізді.
«Қазіргі таңда ішкі нарықты отандық өніммен қамту - алдымызда тұрған негізгі міндет. Бұл тұрғысында мемлекет қаржылық тараптан болсын көңіл аударып жатқанын айтып өткен абзал. Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешендегі даму динамикасы жоғары. Оған бүгінгі сапар барысында тағы көзім жетті»,-деді Ербол Қарашөкеев.
Агрокешендерді аралаған министр Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген азаматтармен кездесіп, өңірдегі аталмыш саланың аяқ-алысына тоқталды. Ол өз сөзінде Алматы облысында 740 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілгенін тілге тиек етті.
«Сіздердің аймақта дәнді дақылдардың жалпы жиналуы 608,6 мың тоннаны құрады, оның ішінде 65,0 мың тонна бидай, 175,7 мың тонна арпа, 340,1 мың тонна дәндік жүгері, 64,9 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Айта кету керек, өңір дәстүрлі түрде картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Өткен жылы 502,2 мың тонна картоп, 800,1 мың тонна көкөніс дақылдары, 61,6 мың тонна бақша дақылдары алынды»,-деді Ербол Шырақпайұлы.
Ауыл шаруашлығына деген мемлекеттік қолдауға шолу жасаған ведомство басшысы өткен жылы Алматы облысында 45,9 млрд. теңге сомасына 22 инвестициялық жоба пайдалануға берлегін атап өтті.
Сонымен қатар, министр субсидиялау ісінде көлеңкелі тұстардың бар екенін ашып айтып, субсидияны бизнеске айналдыруға тоқтау салу керектігін қадап айтты. Оның айтуынша, тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады.
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелерді алу нормасы енгізіледі. Жалпы, субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобалары бүгінгі күні мемлекеттік органдарда келісуде және жақын арада бекітілетін болады»,-деді ведомство басшысы.
Ауыл шаруашылығы министрінің сөзіне сүйенсек, қазіргі кезде агрокешеннің төңірегінде кәсіппен айналысып жүрген жандарға сыйақы мөлшерлемесі 2,5%-дан аспайтын, ең жоғары мерзімі 7 жылға дейінгі шағын несие беру көзделген, оның ішінде Алматы облысына
600-ге жуық шағын несие беру жоспарымен 2,3 млрд. теңге бөлінген.
Министр осылайша, өткен жылды саралап, келешек жоспарды бағамдап берді. Артынша жиналған көп, минситрге саладағы өздерін алаңдатқан сауалдарын тікелей жолдауға мүмкіндік алды. Олар, жеміс-жидек сақтайтын қойма санының аздығын, Бартоғай су қоймасының ахуалына назар аудару керектігін және агро саладағы инфрақұрылымға көңіл бөлу қажеттігін алға тартты.
Шаруалардың шындығын естіген Ербол Қарашөкеев аталған мәселелерді тікелей өз бақылауына алатынын жеткізді.