Тексеру барысында 9-шы және 10-шы сынып екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып , арты оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды, делінеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда, делінген хабарда.
Ал әлеуметтік желіде оқушылардың төбелесі мен "түнгі тәртіпсіздіктер" жөнінде видеолар тарады. Кейбір видеоларда үйлердің жанып жатқаны көрінеді. Полиция ауыл мен айналасындағы елді мекендерге күзет қойған.
"Пенжім ауылындағы мектеп оқушыларының төбелесі" делінген әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда мектеп ауласында ондаған оқушының төбелесіп жатқаны көрінеді. Оларды мұғалімдерге ұқсайтын ересектер ажыратуға тырысқаны байқалады.
[video width="232" height="426" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/10/248075799_408349437448947_7301676847179238394_n.mp4"][/video]
[video width="480" height="600" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/10/249675484_931183300862107_4121097542330827580_n.mp4"][/video]
[video width="480" height="600" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/10/penzhim.mp4"][/video]