Алматы облысында жер сілкінісі болды

Ақтоты Жапатова 01 мам. 2025 09:57 347

Бүгін, 1 мамыр күні Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылынан 10 км қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 км жерде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Алматы облысының ТЖД мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

"2025 жылғы 1 мамыр күні Астана уақытымен 08:19-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді", - делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖД мәліметінше, бұл жер сілкінісі халыққа сезілмеген және қауіп төндірмейді.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар