Алматы облысында оқушы мұғалімді соққыға жыққан

Алматы облысында оқушы мұғалімді соққыға жыққан
видео кадры

Алматы облысында оқушы мұғалімді соққыға жыққан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға 16 қаңтарда таңғы сағат 09:00 шамасында Шамалған ауылындағы мектептердің бірінде болған. Жоғары сынып оқушысы мен мұғалім арасында жанжал шығып, соның салдарынан педагог дене жарақатын алған. Бұл жағдай туралы ақпарат енді белгілі болып, әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарап кетті.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Кәмелетке толмаған жасөспірім полиция бөліміне жеткізілген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.