Кассациялық сот аса ауыр қылмысты жасырып, сотталған Бақытжан Байжановқа қатысты істі қайта қарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
2023 жылғы қарашада Астана қаласында Байжанов Салтанат Нүкенованы өлтіру қылмысының іздерін жасыруға көмектескен.
Аса ауыр қылмысты алдын ала уәделеспей жасырғаны үшін алқабилердің үкіміне сәйкес, сот оны ҚК-нің 432-бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Апелляциялық саты аудандық соттың қабылдаған үкімімен келісті.
Қорғау тарапы екі кассациялық шағым берді:
Адвокат кінәнің дәлелденбеуіне байланысты сот актілерінің күшін жоюды және Байжановты ақтауды сұрады.
Ол Бақытжан Байжановтың қылмысты жасыруға ниеті болмағанын және жәбірленушінің қайтыс болғанын нақты білмегені туралы уәж келтірді.
- Сотталғанның зайыбы асырауында үш кәмелетке толмаған баланың болуын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрады.
Іс материалдарына сәйкес, Бақытжан байжанов мейрамхананы жауып, қызметкерлерді таратып жіберу туралы өкім еткен, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметкерінің оқиға орнына баруына кедергі келтірген. Оның талабы бойынша бейнебақылау камераларындағы жазбалар жойылып, мекемедегі бейнетіркеу жүйесі өшірілген.
Тергеуді шатастыру үшін ол мейрамханаға бірнеше рет әйелдер киімін әкелген және қаза тапқан Н.-ның телефонын басқа жерге тасымалдауды ұйымдастырған.
Кассациялық сот мынадай қорытындыға келді:
- Байжановтың кінәсі дәлелденген;
- оның іс-әрекеттері қасақана қылмысты жасыру деп негізді түрде танылған;
- тағайындалған жаза әділетті, жасалған іс-әрекеттің сипатына сай келеді және қайта қарауға жатпайды.
- алқабилердің қатысуымен өткен сот талқылауы рәсімі бұзушылықтарсыз өткендіктен, жергілікті соттардың актілерін жоюға немесе өзгертуге процестік негіздер жоқ болғандықтан, сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.