Қазақстандағы BAIC X35: жабдықталуы, мүмкіндіктері және қалалық кроссовердің бағасы

Қазақстандағы BAIC X35: жабдықталуы, мүмкіндіктері және қалалық кроссовердің бағасы
Фото: BAIC X35

Заманауи көлік қала ішінде жүруге де, іскерлік кездесулер мен отбасылық сапарларға да, қала сыртына шығуға да ыңғайлы болуы керек. BAIC X35 – көлемі ықшам, турбоқозғалтқышпен және жайлы жол жүруге қажетті технологиялармен жабдықталған кроссовер, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстанда кроссовер екі комплектацияда ұсынылған. Бағасы 7 490 000 теңгеден басталады.

Күнделікті қала жағдайына арналған шешімдер

BAIC X35 автокөлігінің конструкциялық ерекшеліктері ептілікке, жайлы отырысқа және күнделікті пайдалануға бейімделген.

  • Көлемі мен маневр жасау мүмкіндігі. BAIC X35-тің ықшам өлшемдері қала көшелерінде еркін қозғалып, тар жерлерге көлікті ыңғайлы қоюға мүмкіндік береді. Автокөлік рөлді бұруға жұмсалатын күшті азайтатын ThyssenKrupp компаниясының қатысуымен әзірленген EPS электрлік рөл күшейткішімен жабдықталған. 180 миллиметрлік жол саңылауы тегіс емес жолдарда, жол жиегіне шыққанда және биіктігі шағын кедергілерден өткенде көлікті қосымша қорғауға көмектеседі.
  • Салон және эргономика. Орындықтар шаршауды азайту үшін бүйірлік тіреуге ерекше мән беріле отырып жасалған. Luxury комплектациясының басты ерекшеліктерінің бірі – ауданы 0,95 шаршы метрді құрайтын панорамалық шатыр. Ол салонды табиғи жарыққа толтырып, кеңдік әсерін қалыптастырады. Соның арқасында барлық жолаушы үшін сапар жайлырақ болады.
  • Акустикалық жайлылық. Көліктің дыбыс оқшаулауына ерекше назар аударылған. Мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес, қозғалтқыш бос жүрісте жұмыс істеген кезде салондағы шу деңгейі 38 дБ болады. Бұл көрсеткіш бизнес-кластағы автокөліктердің деңгейімен шамалас.