Оралда полиция қызметкері қызмет бабын пайдаланып, қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Мой город" басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, Абай полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері пәтердегі шуға байланысты шақыртуға барған. Алайда сол жерде ол бойжеткенге жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткен деген күдік бар.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сондай-ақ ол ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылған. Қазір істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.