Мәселен, облыста еліміздегі сояның 97%, жүгері мен қант қызылшасының 64%,жеміс-жидектің 37%, көкөністің 25% өсіріледі. Оған қоса аймақ еттің 20% , сүттің 13%, жұмыртқаның 23 процентін өндіріп отыр.
Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы АӨК-ке 36 млрд. теңге инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда 31 % артық.
– Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңын 948 мың гектарға жеткіздік. Мемлекет басшысының аграрлық салаға жаңа технологияларды енгізу туралы тапсырмаларын орындау бағытында облыста жердің 17%-ға озық технологияны қолдану негізінде өңделеді. Соның арқасында дақылдардың өнімділігі 34%-ға артты, – деді А. Баталов.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі
https://dalanews.kz/31735