Алматы облысында алаяқтардың 5 мыңнан астам хабарламасы бұғатталды

Ақтоты Жапатова 26 мам. 2025 12:35

Алматы облысы прокуратурасымен интернет-алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл бойынша ірі онлайн-платформалар (Krisha.kz, Kolesa.kz, OLX.kz) өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында үздіксіз ақпарат алмасу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz
 
Бірлескен жұмыс нәтижесінде алаяқтық әрекеттер белгілері бар 5 мыңнан астам аккаунт анықталып, бұғатталды. Тағы 7 мың аккаунт тексеру аясында тұр.
 
Бұл аккаунттардың басым бөлігі Алматы қаласы мен облысында пәтерлерді тәуліктік жалға беру, жылжымайтын мүлікті сату, автокөліктерді әдейі төмен бағамен сату және шетелден автокөлік бөлшектерін жеткізу тақырыптарымен байланысты.
 
Алаяқтар, әдетте, өздеріне тиесілі емес объектілердің жалған фотосуреттерін пайдаланып «бронь» үшін алдын ала төлем талап еткен.
 
Прокуратура мен маркетплейстердің бірлескен жұмысы цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алгоритмін қалыптастыруға ықпал етті.
 
Облыс прокуратурасы телекоммуникациялық және қаржылық ұйымдарды қоса алғанда, цифрлық экожүйенің басқа да қатысушыларымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

"Азаматтарды онлайн-сатып алулар кезінде сақ болуға және цифрлық платформалардағы хабарландырулардың шынайылығын міндетті түрде тексеруге шақырамыз",- делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар