Қызылорда облысында 83 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылып, арнайы полигондарға 700 тоннадан астам қалдық шығарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 83 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, олардың барлығы санитарлық талаптарға сәйкестендірілді. Мамандандырылған полигондарға 700 тоннадан астам қалдық шығарылды», – делінген бас прокуратура хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, экологиялық заңнаманы бұзып, қоршаған ортаны ластағаны үшін 590 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар жұмыс тобы заңсыз қоқыс орындарының қайта пайда болуының алдын алу мақсатында проблемалы аумақтарға бейнебақылау камералары мен ескерту белгілерін орнатуды ұсынды.