Қазақстанда маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олардың 97-сі пара алу немесе пара беруге қатысты болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Маусым айында 67 адам күдікті деп танылды. Осы кезеңде 149 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 129-ы сотқа жіберілді.
Парақорлықтан бөлек, тіркелген қылмыстардың қатарында алаяқтық, мемлекет қаржысын жымқыру, қызметтік жалғандық жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану деректері де бар.
Тергеуі аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 4,7 млрд теңгені құрады. Оның 2,1 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылған.
Сонымен қатар күдіктілерге тиесілі 971 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.