Қостанай облысындағы "Қайрақ" көлік өткізу бекетінде Қазақстан аумағына ірі көлемдегі вейп партиясын заңсыз әкелу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, шекара қызметі жүк көлігінің тіркемесіндегі өзге жүктің арасынан 27 624 электрон темекіні анықтаған.
Алдын ала есеп бойынша тәркіленген заттың жалпы құны - шамамен 500 миллион теңге.
Бұл дерек бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органға жолданған.
ҰҚК Қазақстанда электрон тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды елге әкелуге және өндіруге тыйым салынғанын еске салды.