Алматы облысы Татарстанмен достық байланысын нығайтады

Dalanews 12 мау. 2017 15:20 860

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Астанада өтіп жатқан «Экспо-2017» көрмесіндегі Ресей павильонында өткен Татарстан экспозициясының салтанатты таныстырылымы шеңберінде Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл кездесу Татарстан Республикасы Үкіметімен экономикалық, іскерлік және мәдени байланыстар орнатуды жалғастыру мақсатында өткізілді. Кездесу барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты ынтымақтастық байланыстар туралы сөз болды. Сонымен қатар тәжірибе алмасу үшін қос тарап бір-біріне шақыру ұсынысын білдірді.



Атап өтсек, екі жақты ынтымақтастықтың дәлелі ретінде бұған дейін биылғы жылдың наурыз айының соңындаТатарстан Республикасы делегациясының облысқа сапары барысында Алматы облысының Панфилов ауданы мен Татарстан Республикасының Менделеев муниципалды ауданының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.



 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар