Түркияның Бодрум қаласындағы Kempinski Hotel Barbaros Bay Bodrum қонақүйі 1999-2005 жылдары бөй көтеген-ді. Арада бір жыл өткенде, яғни, 2006 жылы дәл осы қонақүйдің 75% акциясын «ҚазМұнайГаз-Сервис» компаниясы тегі түрік кәсіпкер Орхан Йылмаздан 40,1 млн долларға сатып алады.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына бұл қонақүйдің не үшін қажет болғаны белгісіз. Ұлттық компания жыл он екі ай ен далада жұмыс істейтін қарапайым мұнайшылардың Түркияға апарып демалдыру үшін сатып алмағаны анық.
«ҚазМұнайГаз-Сервис» компаниясы 2015 жылы Бодрумдағы қонақүйді сатпақ болып әрекеттенеді. Бірақ олар қымбат қонақүйді сата алмаған.
Бұдан кейін мемлекетік компания қонақүйдегі үлесін 2016-2020 жылдары жекешелендіретін тізімге қосқан. Бұл жолы да қонақүйді ешкім сатып алуға асықпаған. Үстіміздегі жылдың наурыз айында да сауда-саттық жалғасқан. Бірақ нәтиже болмаған.
Осылайша бес жұлдызды қонақ үйді сатып алатын жан табылмапты. Осы ретте ешкімге қажеті жоқ мұндай активті «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы не үшін сатып алған деген заңды сұрақ туындайды.
Қонақүй жаман болғаны ма?
Интернеттен қараған адам қонақүй меймандарды қабылдап, қалыпты жұмыс істеп жатқанына көз жетіке алады.
Соңғы жылдары қонақүйдің жанынан 42 жанға жайлы люкс санатындағы резиденция салыныпты. Бұл үшін 50 млн доллар жұмсалған деседі. Бүгінде резиденция мен қонақүйді Kempinski компаниясының басқаруында.
Түрік басылымдары аталған жылжымайтын мүлік кәсіпкер Орхан Йылмаз бен Sera Group компаниясына тиесілі екенін жазуда.
Protenge каналы мұны індете зерттегенде Sera Group компаниясының Алматы әуежайын сатып алған TAV Airports Holding компаниясының басты әріптесі екенін анықтаған.
Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев Алматы әуежайын TAV Airports Holding сатқан болатын. Сол кезде «Алматы әуежайын түріктің кәсіпкерлері сатып алды» деп жұрт біраз шулаған еді.
Шындығында Алматы әуежайын ешқандай Түркияның инвесторлары емес, өзіміздің күйеубала қайта сатып алған ғой. Осылайша із жасырған. Ақша сауылдап түсіп жататын мұндай нысанды кімінің көзі қиын шетелдікке сатсын.
Мұнысымен қоймай мемлекеттік компанияның ақшасына Түркиядан қымбат қонақ үй сатып алып, онысымен қоймай жанынан қымбат резиденция салыпты. Осылайша Құлыбаев қазақтың ен байлығын әкесінен қалған мұрадай еркін пайдаланған. Алдағы уақытта осының бәрін елімізге қайтару керек.