Алексей Бессонов: «Бұл ел орыстарсыз өмір сүре алмайды»

Dalanews 01 қар. 2017 03:14 875

Оның бұл жолғы мәлімдемесі алдыңғысын толықтыра түскен және ол бұл жолы өзіне қатысты қазақтар қылмыстық іс қозғаса да қорықпайтынын жеткізіпті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады

Өзін блогер санайтын ресейлік азамат жариялаған екінші бейнежазбада былай депті:

– Мен Пермь қаласының блогері Бессонов Алексей Борисович КГБ-ның бұрынғы қызметкерімін. Қазір мен орыстың ұлы Кама өзені бойында тұрмын. Менің Қазақстан президентінің латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығына байланысты аталған елге әскер енгізу керек деген мәлімдемеме байланысты маған қазыр қылмыстық іс қозғалады деп қоқан-лоқы жасалуда. Оқтың астында жүруден қорықпаған бұрынғы мемлекеттік қауіпсіздік қызметкері шынымен де түрмеден қорқады дейсіз бе? Мен айтқан сөздерде заңға қайшы ештеңе жоқ. Әр адам Конституция бойнша өз президентіне жүгінуге құқылы. Ресей президенті шынында да қажет болған жағдайда әскер енгізу керек. Өйткені аталған жарлық империяның қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Егер әскер енгізген жағдайда қарсылық болса, заңсыздық орын алса, қару қолдану керек. Бұл ел орыстарсыз өмір сүре алмайды. Қазақ президентіне еш қарсылығым жоқ. Дұрыс саясат қолданып отыр. Бірақ мына жарлығы жөн емес. Өйткені бұл жер орыс кеңістігі, – депті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар