"Алдап көпір астына алып барған". Түркістан облысында 6 жастағы қызға азғындық жасаған жасөспірім сотталды

Ақтоты Жапатова 25 жел. 2025 11:10

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот үкімі шықты. Мектеп оқушысы алты жастағы қызға азғындық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz "31 каналға" сілтеме жасап.

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде жеткіншектің зорланғаны толықтай дәлелденген.

Қыздың қорлық көргенін білген жақындары бірден полицияға арызданып, ақыры алыстан келмеген жау құрықталған. Сотта азғын өз кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Өкініш те білдірмеді. Судья психологиялық соққы алған жәбірленушінің туыстарына 8 миллион теңге моральдық шығын өндіруді де міндеттеді.

"Сотталушы және оның заңды өкілі жәбірленуші тараптан ешқандай кешірім сұраған жоқ. Аталған сотталушының кәмелетке толмаған азаматтың кінәсі іс-құжаттарына тіркелген материалдармен, куәгерлердің көрсетулерімен, сарапшылардың қорытындыларымен және өзінің ішінара мойындауымен толықтай дәлелденді. Сот үкімімен кәмелетке толмаған С деген азамат кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марат Күздеубаев.

Еске салайық, сұмдық оқиға биыл жазда Бәйдібек ауданында болған еді. Қошқарата ауылындағы 14 жастағы бала бірінші сынып оқушысын алдап көпір астына алып барған екен. Содан кейін күш көрсетіп, ауылдасына ойына келгенін істеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар