Алда күн суыта ма? Ауа райы болжамы

Алда күн суыта ма? Ауа райы болжамы
Dalanews.kz коллажы

Синоптиктер 23, 24, 25 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері елдің көптеген өңірінде ашық, жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта батыста, солтүстікте, шығыста тұман түседі.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.