Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты іс сотқа жолданады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, тергеу аяқталуға жақын. Алдағы күндері іс материалдары алдымен жәбірленуші тарапқа, кейін күдікті мен оның қорғаушыларына танысу үшін беріледі. Осыдан соң іс сотқа жіберіледі.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылы мен Мендіқұлов көшесінің қиылысында болған еді. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі, 20 және 22 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.