Air Astana-ны ұзақ жыл бойы басқарған Питер Фостер қызметінен кетті

Көркем Алдабергенова 01 сәу. 2026 15:04

Air Astana әуе компаниясының бас директоры ауысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компанияны ұзақ жыл басқарған Питер Фостер қызметінен кетті. 1 сәуірден бастап оның орнына Ибрахим Жанлыел тағайындалды.

Басшылық ауысатыны туралы өткен жылы-ақ хабарланғанымен, шешім енді ғана ресми түрде күшіне енді.

Компания мәліметінше, жаңа CEO негізгі назарды операциялық тиімділікті арттыруға және тұрақты өсімді қамтамасыз етуге бағыттайды.

Ибрахим Жанлыел бұл тағайындауға дейін 2017 жылдан бері қаржы директоры қызметін атқарған. Жалпы алғанда, ол 14 жылдан астам уақыт бойы компанияның даму стратегиясын айқындаған басқарушы команда құрамында болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove