Елімізде 10 тамызда Абай күні атап өтіледі. Осыған орай ұлы ақынның есіміне қатысты қызық статистика жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады. Бұл есім ең көп таралған өңірлер - Астана қаласы (2 186 адам), Түркістан облысы (2 008 адам) және Алматы қаласы (1 740 адам).
Абай есімді ең үлкен жастағы қазақстандық 1932 жылы туған. Ал бұл есімді иеленгендер арасында 30-34 жас аралығындағы азаматтар саны басым: 3 267 адам.
Абай есімі жаңа туған сәбилерге де жиі қойылады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 91 балаға осы есім берілген. Қазақстанда Абай есімді 9 әйел тіркелген. Сонымен қатар, Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам бар.
Ұлы ақынның есімі еліміздің географиялық атауларында кеңінен көрініс тапқан. Қазір Абай есімімен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталады.