Айдын Рахымбаев BINOM мектептерінің бірін мемлекетке береді

Айдын Рахымбаев BINOM мектептерінің бірін мемлекетке береді
ЖИ: dalanews

BI Group компаниясының негізін қалаушы әрі ірі акционері Айдын Рахымбаевқа тиесілі BINOM мектептерінің бірі жақын уақытта мемлекет меншігіне өтеді. Бұл туралы компания Forbes Kazakhstan басылымына растады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет қарамағына берілетін білім беру мекемесі – Астанада орналасқан Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM мектебі.

Компанияның мәліметінше, мұндай шешім мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) туралы келісімнің бес жылдық мерзімінің аяқталуына байланысты қабылданған және бұл шарттың талаптарында алдын ала қарастырылған.

BI Group мектеп ғимаратын, ондағы барлық материалдық-техникалық базаны және инфрақұрылымды мемлекеттік органның балансына өткізеді. Сонымен қатар мектептің педагогикалық және әкімшілік ұжымы да мемлекеттік білім беру жүйесіне ауысады.