АЭС құрылысына белгілі бір сомада бюджет қаражаты бөлінуі мүмкін - ҰБ басшысы

Кәмшат Тілеухан 11 қаз. 2024 14:43 2190

АЭС құрылысына  белгілі бір сомада бюджет қаражаты бөлінуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов 11 қазанда өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол, әзірге үкіметтің Ұлттық қордан немесе басқа да бюджет көзінің қаражатын пайдалану жөнінде ұсынысты алға тартып, Ұлттық банкке жүгінбегенін айтады. 

"Бірақ, меніңше, жалпылай алғанда, АЭС құрылысын қаржыландыру мәселесі өте маңызды, өйткені ол арада технология, кадр, қаржы мәселесі бар дегендей. Меніңше, консорциуммен, кіммен болса да келіссөздер жүргізу кезінде біздің қолда қандай да бір көзір болуы керек сияқты. Егер біз өз технологиямызды, кадрларымызды немесе қаржымызды игермесек, онда біздің келіссөздер деңгейі төмен болады. Сондықтан, шынымды айтсам, біраз ақшаны өзіміз шығарамыз дегенді жоққа шығармас едім", – деді Ұлттық банк басшысы.
 
Яғни, ол бұл арада сырттан инвестор ақшасымен келіп, толығымен қаржыландыру жүргізу жағдайы болмас үшін осылай істеу маңызды екенін айтады.
"Мен Қазақстан қаржыландырудың бір бөлігін өз мойнына алатынын жоққа шығармас едім, оны бюджеттен тарта жатар немесе басқалай, бұл біздің келіссөздерде ұстанатын ұстанымдарымыз. Бірақ, егер үкімет қаржыландыруды құрылымдау мәселесіне бізді тартып жатса, біз мұны талқылайтын боламыз. Әзірге, ондай ұсыныс болған жоқ, бұған әлі ерте сияқты", деп сөзін түйіндеді Сүлейменов.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар