Әділетсіз басшының қорлығына төзбеген театр актері өзіне қол салмақ болды

Dalanews 26 қаң. 2021 07:02 823

Әртістердің драмасы! Қызылордада 27 жастағы өнер адамы өз-өзіне қол жұмсамақ болды. "Нартай Бекежанов атындағы драма театрында өнер қуып келген жастар басшылық тарапынан қудалауға түседі" деген Нұржан Қараманов амалсыздықтан осындай қадамға барғанын айтады.

Әріптесінің сөзін ұжымдастары да растап отыр. Әртістердің айтуынша театр әкімшілігінің сөзін сөйлейтіндер көп мөлшерде жалақы алады екен. Және бұл жайт соңғы он жылдан бері жалғасып келеді дейді. Әділсіздік пен заңсыздықтардан шаршаған өнер адамдары басшылықтың кетуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

- Осы жұмыс менің түбіме жетті, заңсыздық ше. Жіберсеңдерші енді.

Бұл – Нартай Бекежанов атындағы драма театр әртісі Нұржан Қарамановтың жанайқайы. Өнер адамы театр директорының кабинетінің алдында тамырын кеспек болған. Оған бірнеше себеп бар екен. Соңғы жылдары өнер ордасында бассыздықтар көбеді, басшылық әртістерді екі топқа бөлді. Бір топқа толық еңбекақы төленсе, екіншілері тиын санауға мәжбүр, дейді. Осыны ашып айтқан Нұржан Қараманов қудалауға ұшырапты.

Нұржан Қараманов, Нартай Бекежан атындағы музыкалық драма театрының әртісі:

Ауызша сұранып кеттім, ол кісі иә деді. Иә дегеніне дейін барлығы диктофонға басылған. Қалай сонда сіздер мені кешегі жазған арызыма бола істеп отырсыздар ма деп едім, ол олай ол былай заңсыз деді. Менің уәждерімді тыңдамады. Енді әрі айттым бері айттым болмады. Ақыры мені өлімге мәжбүрледі. Бұл театрда әділдік жоқ.

Оқиға орына жеткен учаскелік полиция Нұржан Қарамановты наркологиялық диспансерге жеткізген. Алайда сарапшылар өнер адамының қанынан ешнарсе анықтамапты. Бүгін жұмыс орнына келген Нұржан ауыздағы кіре берістен ары өте алмады.

– Мұрат па кіргізбе деген?
– Иә.
– Шақырсай енді Мұратты осы жерге. Жоқ қой. Тығылып қалды ма?
– Білмеймін жоқ қой.

Ал театрдың басқа әртістері әріптесінің сөзін қолдап отыр. Тек басшылық сөзін сөйлейтіндерге ғана жағдай жасалған, дейді.

Асқар Оразалиев, Нартай Бекежан атындағы музыкалық драма театрының әртісі:

Шындықты айтсаң жақпай қаласың, сосын саған ертең байқа бала ей, ертең мен саған көрсетемін дейді. Сосын бізде уайымдаймыз, ойлаймыз, қорқамыз. Бала-шағамыз бар. Осы күнге дейін келе жатқанымызға 10 жыл болды. Ол шындық. Он жылдың соңы әкеліп біздің бауырымыз өз-өзін пышақтап жатыр театрдың ішінде. Ол неге? Өйткені артынан қудалау басталды.

Алмагүл Артықбаева, Нартай Бекежан атындағы музыкалық драма театрының әртісі:

47 жыл жұмыс істейді екенмін театрда. Мен мұндайды көрген жоқпын. Бізге өзгеріс керек. Бізге бір 7-8 адам отырып алған басшы болып, бухгалтері бар, директоры бар, солардың барлығы билейді төстейді. Иә бір нәрсе айтайық десек, өз атақтарын өздері бөліп алып қазір жылда атақ алады біз қалыс қаламыз. Мына өзгеріс болмай біздің театр болмайды. Бізге директордан бастап бүкіл командасын өзгертсін.


 

Ал, театр басшылығы ұжымның талабы негізсіз дегенді алға тартады. Басшылықты жоғары жақ тағайындайды деген олар өз орындарын босатуға әзір екендерін айтады. Ал Нұржан Қарамановтың жасаған іс-әрекетіне қатысты құзырлы органға арызданамыз, деді.

Бақытбек Темірбеков, Нартай Бекежан атындағы музыкалық драма театрының директоры міндетін атқарушы:

Бунтовать еткені рас, ол мәселе директор кабинетінің есік алдында шешілетін мәселе емес. Оның арнайы қарайтын құзырлы органдары бар. Мен өзімнің атымнан, мекеме атынан шағым түсіргенім рас. Ал бүгінгі мәселеге қатысты жалпы әртістердің өздерінің ойы, пікірі жайлы еш нәрсе айта алмаймын.

"Кеттік болды. Жоқ жауап берсеңізші ағай".

Ал сөзге тартқан әртістерге директор міндетін атқарушы жауап берген жоқ. Өнер адамдары жағдай дәл осы күйінше қалса театрдың болашағы жоқ дейді.


Сол себепті аймақтағы жағдайға мәдениет министрінің өзінің тікелей араласып, ал құзырлы органдар іштегі барлық былықтарды тексерсе деген талап қойды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар