Freedom Inside '26

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңірінде бөлімшелерін ашты

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңірінде бөлімшелерін ашты
Фото: партиядан

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында аумақтық филиалдарының құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Партияның хабарлауынша, өңірлік бөлімшелерді тіркеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жергілікті басқару органдарын қалыптастыру кезеңі басталды.

Алдағы уақытта әр филиалда төрағалар мен басшылық құрамды сайлау өткізіледі. Сонымен қатар бастапқы партия ұйымдарын құру жұмыстары қолға алынбақ.

Осылайша, партия еліміздің барлық өңірінде ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, жергілікті деңгейдегі қызметін күшейтуді көздеп отыр.