Мүфтият өкілдерімен жүздескен Тазабеков былай деді:
"Мұхамеджанның ақидасы күмәнді. Мұның Сауд Арабиясымен қатысы бар" деген жұрттың сауалына ашық жауап берейін. Құдайдың алдында арым таза болу үшін осы сауалға егжей-тегжейлі жауап қатқанды жөн көрдім.
Ақын болдық, жүрегіміз ашық. Қай жерге барсақ та халық құшағын ашып қарсы алады. Кім көрінгеннің аузына қарадық. Ол кезде Діни басқарманың қазіргідей құлаш жаймаған кезі. Қазіргі халыққа танымал ұстаздар, уағызшылар шыға қоймаған уақыт еді.
Сөйтіп жүргенде Мысырдан, Саудиядан оқып келген жігіттерге құштарлығымыз артты. Тыңдадық. Қасында жұрдық.
Саудияда сегіз айдай болдым. Құдай куә ол жақтан бәлен деген шейхқа табынып, елге санам тұмшаланып оралған жоқпын.
Олар мені өз тобына тартып жатқандарын да сезбеген екенмін. Менімен жұмыс жасаған екен.
Сөйтіп кейін сол жолмен ғана жүрдік. Ақиқаты осы деген ойда болдық. Кейін кемелдене келе, Діни басқармаға құлақ түріп, елге белгілі уағызшылармен пікірлесіп бұрынғыға күмән келтіріп, алыстай бастадық...
Сондықтан осы отырған әрқайсыңыз менің жан-дүниемде, көзқарасымда төңкеріс туғызуға себепкер болдыңыздар. Дәл қазір Матуруди ақидасындамын деп айтуға еш жерде қысылмаймын. Бұған менің көзім де, көңілім жетті", –деді Тазабеков.
Жалғасы видеода:
https://youtu.be/PyyzQYly28A