ІІМ кәсіпкерлерге қысым көрсету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство Бас прокуратурамен бірлесіп, 27 наурызда адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегіне қатысты тергеу жүргізді.
"Осылайша барлық күдікті ұсталды. 17 тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан атыс қарулары, соның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар, Калашников автоматы, 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді", - деді полиция.
Жедел ақпаратқа сәйкес күдіктілер тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге қысым көрсету үшін пайдалануды жоспарлаған.
