Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот ісінде жәбірленушілер тізіміне коммуналдық қызмет өкілдері де куәгер болды. Олар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде Перизат Қайраттың қорына бірнеше миллион теңгеден аударған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот отырысында прокурорлар денсаулық жағдайына байланысты қатыса алмаған жәбірленушілердің жазбаша куәліктерін оқып берді. Олардың арасында қарапайым азаматтармен қатар коммуналдық мекемелер де бар. Мәселен, екі алматылық тұрғын Biz Birgemiz қорына 3 және 5 миллион теңгеден аударған.
Сотта "Алматы Тазалық" мекемесінің заңгері де куәлік берді. Ол кәсіпорынның Қазақстандағы су тасқынынан кейін 3 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсеткенін айтты. Бұл – коммуналдық қызметкерлердің бір күндік жалақысы болған.
"Бұл қызметкерлердің күн сайын аптап ыстықта далада жүріп тапқан еңбекақылары", – деді кәсіпорын өкілі.