Freedom Inside '26

"Әбден лайық": Тоқаев ел асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді

"Әбден лайық": Тоқаев ел асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

18 маусымда Ақордада өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана медицина университетіне" ұлттық мәртебе берілетінін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президенттің сөзінше, бұл жоғары оқу орны еліміздегі жетекші медициналық білім беру мекемелерінің бірі ретінде танылған. Университет бүгінде цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицина бағыттарын табысты дамытып келеді.

"Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған "Астана медицина университеті’"цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы университетке белгілі ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін қалаушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беруді ұсынды.

Бұдан бөлек, Қарағанды медицина университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жыл басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің аты берілетіні айтылды. Биыл аталған университеттің құрылғанына 125 жыл толып отыр.

Айта кетейік, Төрегелді Шарманов – бүкіл ғұмырын отандық медицинаны дамытуға арнаған белгілі нутрициолог. Ол 12 жыл бойы Денсаулық сақтау министрлігін басқарған. 1974 жылдан бастап Қазақ тағамтану академиясына жетекшілік етті.

Шарманов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі саналатын Леон Бернард сыйлығымен және басқа да көптеген марапаттармен наградталған. Бұл оның медицина саласындағы еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.