Абай университеті Гонконг білім беру университетімен (EdUHK) ынтымақтастықты нығайтуда

Жарбол Кентұлы 17 қыр. 2024 18:56 966

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Гонконг білім беру университетінің (EdUHK) өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – «Жасанды интеллект және инклюзивті білім беру» бағыты бойынша орталық ашу мәселесін талқылау.

Кездесу барысында Гонконг білім беру университетінің интернационалдандыру жөніндегі вице-президенті, профессор Ло Синг Кай «Kazakh Centers of Education» жаңа жобасының құрылымымен таныстырып, әлеуетті арттыру бағдарламасы, халықаралық конференциялар ұйымдастыру және жазғы/қысқы мектептерді өткізу туралы толық мәлімет берді.

Сондай-ақ, екі университет ғалымдары арасындағы ынтымақтастық пен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, Жасанды интеллект және инклюзивті білім беру орталығының қызметі сияқты негізгі тақырыптарға ерекше назар аударылды.

Гонконг білім беру университеті пәндер бойынша университеттердің әлемдік рейтингінде (QS World University Rankings by Subjects) 20-шы орында тұрғанын атап өткен жөн, бұл осы серіктестіктің академиялық және ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл кездесу академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар