Абай облысындағы ақтүтек боран: "ҚазАвтоЖол" қар құрсауында қалып кеткендерді құтқаруда

Кәмшат Тілеухан 15 нау. 2025 11:21 268

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мамандары Абай облысында түні бойы қар құрсауында қалғандарды құтқарып әлек. Олар 60-тан астам автокөлікті жолға салған. Дегенмен кептелісте тұрғандар әлі де көп, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттықкомпания баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнде сағат 23:00 ден бастап "Алматы - Талдықорған - Өскемен" тас жолының Таскескен ауылына бұрылыс пен Аягөз қаласы аралығында жүк көліктері үшін, артынша жеңіл көліктер үшін де жол жабылған.

"Алайда аталған учаскеде үдете соққан боран кезінде жолға шығып үлгерген 100 ден астам көлік тұрып қалған. "ҚазАвтожол" ұлттық компаниясының 20-ға жуық ауыр техникасы түні бойы құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қатты боран тас жолды толық тазалауға мұрша бермей тұр. Жолда қалға 3 жолаушы автобусы Аягөз қаласына жеткізілген. 77 адам, оның ішінде 3 бала жылыту пунктіне орналастырылды. Таскескен ауылына бұрылыс пен Аягөз аралығы әлі де жабық. Таскескен жағында 90 жүк, 40 жеңіл көлік пен 4 автобус жолдың ашылуын тосып тұр. Аягөз жақтан да жолға шығып, қатынастың қалыпына келуін күтіп 120-дан астам көлік күтуде", делінген шұғыл хабарламада.


Көктем шықты дегенмен, қыс әлі де мінез көрсетіп тұр. Сондықтан, ұлттық оператор мамандары жолға шықпас бұрын 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы жолдың ашықтығы жайлы ақпарат алуға кеңес береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар