Абай облысы прокуратурасының наразылығымен ауданның бұрынғы әкімі "Құрметті азаматтар" тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Абай облысы прокуратурасы Бесқарағай аудандық мәслихатының бұрынғы аудан әкімі Нұрлан Сыдықовқа "Ауданның Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімінің заңдылығын тексерді.
Қолданыстағы қағидаларға сәйкес "Абай облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағы мінсіз еңбегі мен қоғам тарапынан мойындалған нәтижелері бар азаматтарға беріледі.
"Нұрлан Сыдықов Жарма ауданының әкімі қызметін атқара отырып, сыбайлас жемқорлық жасаған және Жарма аудандық сотының үкімімен сотталған. Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысы болған тұлғаға мұндай атақ беруге жол берілмейді. Абай облысы прокуратурасының наразылығы бойынша аудандық мәслихаттың шешімімен экс-әкім "Ауданның Құрметті азаматы" атағына ие болған адамдар тізімінен шығарылды", - деп жазылған өңір прокуратурасы хабарламасында.
