Абай облысына жаңа прокурор тағайындалды

Көркем Алдабергенова 02 нау. 2026 09:43

Абай облысының прокуроры қызметіне Нұрсұлтан Рақышев тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нұрсұлтан Рақышев 1983 жылғы 6 қыркүйекте туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Прокуратура саласындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Қызмет жолын 2004 жылы Астана қаласы прокуратурасының басқармасында прокурор болып бастаған. Кейін әр жылдары Бас прокуратура департаментінде прокурор, басқарманың аға прокуроры, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, сондай-ақ Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры, Алматы қаласының Наурызбай ауданының прокуроры болған.

2019 жылдың сәуір айында Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып тағайындалып, кейін прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove