Абай облысы Бесқарағай ауданында су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Ақтоты Жапатова 26 ақп. 2025 13:02 295

Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар Бесқарағай ауданында ерекше бақылауға алынды,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаевтың тапсырмасымен елді мекендерде қардың еруі мен жауын-шашын салдарынан туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта су басу қаупі бар өзен жағалаулары мен арналар анықталып, арнайы шаралар қолға алынуда. Ауылдық округтерде көшелерді қардан тазарту, қашыртқыларды механикалық әдіспен аршу жұмысы жалғасып жатыр. Бесқарағай ауылындағы қар шығару барысын аудан басшысы жеке бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы су өткізу арналары мұқият тазартылып, олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Ауылдардағы қоғамдық кеңістіктерді тазарту мен абаттандыру жұмысы да күшейтіліп, көктемгі су тасқынына қарсы шаралар кешені толық көлемде атқарылуда.

Жергілікті билік тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырып, кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда тиісті мекемелерге жедел хабарласуды ескертеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар