ҚМА Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіру қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш жер анықталды. Заңсыз қызмет салдарынан топырақ беті кең көлемде бүлініп, оның ішінде құнарлы қабаты сыпырып алынған.
Алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және көліктер тәркіленді. Қазір қатысы бар барлық адам, заңсыз өндірілген бағалы металл көлемі және келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр.