Freedom Inside '26

990 адам бір үйге тіркелген: Алматының Наурызбай ауданында "резеңке пәтер" табылды

990 адам бір үйге тіркелген: Алматының Наурызбай ауданында "резеңке пәтер" табылды
pixabay.com

Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы прокуратурасы көші-қон заңнамасы сақталуын бақылау барысында заңсыз тіркеу дерегін анықтаған.

Тексеріс кезінде Наурызбай ауданындағы пәтер иесі сыйақы алу мақсатында 990 адамды бір бөлмелі пәтерге тіркегені белгілі болды. Алайда олардың ешқайсы бұл мекенжайда тұрмаған.

Бұл дерекке қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот пәтер иесін кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.